Accessibility links

Алжир билігі Каддафи отбасын паналатқанына өкінбейді


Солдан оңға қарай: Муаммар Каддафидың бұрынғы әйелі Сафия, қызы Айша және ұлы Ганнибал.

Солдан оңға қарай: Муаммар Каддафидың бұрынғы әйелі Сафия, қызы Айша және ұлы Ганнибал.

Ливияның биліктен тайдырылған жетекшісі Муаммар Каддафидің отбасы мүшелеріне баспана беру туралы шешімі үшін Алжир өкіметі өкінбейді деп мәлімдеді жексенбі күні Алжир премьер-министрі Ахмед Уяхья.

Ол бұндай қадамға тек қана гуманитарлық мақсатпен барып отырғандарын айтты. Ливия көтерілісшілері Алжир өкіметінің шешімін «басқыншылық акт» деп сипаттады.

Тамыздың 29-ы күні Муаммар Каддафидің бұрынғы әйелі Сафия, оның қызы Айша мен ұлдары Мұхаммед және Ганнибал Алжирге қашып барған еді. Шекарадан өтісімен бірнеше сағаттан соң Айша босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы хабарланды.
XS
SM
MD
LG