Accessibility links

Қызыл крест ұйымының басшысы Сирияда келіссөздер өткізеді


Үкіметке наразылық білдіріп шеруге шыққандар. Кфар Небель, Едлиб провинциясы, Сирия. 2 қыркүйек 2011 ж.
Үкіметке наразылық білдіріп шеруге шыққандар. Кфар Небель, Едлиб провинциясы, Сирия. 2 қыркүйек 2011 ж.
Халықаралық Қызыл крест ұйымының басшысы Якоб Келленбергер бүгін Сирияда келіссөздер өткізеді.

Ол Сирияда үкіметке наразылық білдіріп шеруге шыққандарға қарсы жүргізілген әскери операция барысында зардап шеккендерге дәрігерлер мен гуманитарлық ұйым өкілдерінің баруына ел билігінен рұқсат алуға тырысып көрмек.

Сириядағы азаматтық белсенділердің айтуынша, жексенбі күні үкіметтік күштердің шерушілермен қақтығысы салдарынан кемінде 12 адам өлген. Ресми баспасөз елдің орталығындағы провинциялардың бірінде автобусқа қарулы шабуыл жасалып, тоғыз адам қаза болған, оның алтауы әскерилер деп хабарлады.

БҰҰ бағалауынша, биыл көктемде Сирияда үкіметке наразы халық толқуы басталғаннан бері 2200 адам қаза тауып, ел президенті Башар Асадтың режиміне қарсылық білдірген бірнеше мың адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG