Accessibility links

Қытай Каддафи өкілдеріне қару-жарақ берілмеді деді


Ливиялықтар Каддафи күштерінің иесіз қалған танкілеріне шығып алған.

Ливиялықтар Каддафи күштерінің иесіз қалған танкілеріне шығып алған.

Қытай Сыртқы істер министрлігі өз елі Муаммар Каддафи режиміне қару сатты деген ақпаратты жоққа шығарды.

Осыған дейін мемлекет бақылауындағы қытайлық компаниялар БҰҰ-ның санкциясына қарамастан, құлауға жақын қалған Ливия режиміне құны миллиондаған доллар болатын қару-жарақ ұсынды деген хабар таратылған.

Қытай Сыртқы істер министрлігі Каддафи өкілдерінің шілде айында Бейжіңде қытайлық ресмилермен кездескенін мойындап, бірақ оларға қару-жарақ берілмеді, ешқандай келісім-шарт жасалған жоқ деді.

Батыстық басылымдар Қытай компаниялары шілде айында Каддафи күштеріне құны 200 миллион доллар болатын қару-жарақты сатып алуды ұсынған деп жазған.

Қытай Ливияның өтпелі кеңесін мойындаған Батыс елдеріне қосылмай келеді.
XS
SM
MD
LG