Accessibility links

Қазақстан Ливияның ұлттық өтпелі кеңесін мойындады


Ливияның ұлттық өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил. 29 тамыз. 2011

Ливияның ұлттық өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдул Жалил. 29 тамыз. 2011

Қазақстан Ливияның ұлттық өтпелі кеңесін елдің қазіргі билігі ретінде мойындады. Бұл туралы Қазақстан Сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгін сыртқы істер вице-министрі Қайрат Сарыбай Ливия өкілі Ахмед Ад-ад-Дибаны қабылдап, ресми Астананың шешімімен таныстырған.

Қазақстан Ливияның өтпелі үкіметі азаматтық қоғамның қауіпсіздігін қамтып, елдегі ресми органдар жұмысын бір қалыпқа түсіру үшін нақты шараларды қолға алады деген үмітін білдірген.
XS
SM
MD
LG