Accessibility links

Путин: "Солтүстік ағыс" құбырына алғашқы газ айдау ертең басталады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Единая Россия" партиясының жалпы отырысында сөз сөйлеп тұр. 5 қыркүйек. 2011

Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Единая Россия" партиясының жалпы отырысында сөз сөйлеп тұр. 5 қыркүйек. 2011

Ресей премьер-министрі Владимир Путин "Солтүстік ағыс" газқұбырына алғашқы техникалық газ сейсенбі күннен бастап айдала бастайды деді.

Путиннің айтуынша, 27,0 миллиард текше метрді құрайтын "Солтүстік ағыс" газ құбырының бірінші жолы іске қосылып, ертең Выборг маңында құбырға газ беріле бастайды.

"Солтүстік ағыс" құбыржолы 1,224 шақырымға созылып, Балтық теңізі арқылы Ресейден Еуропаға дейін жетеді. Газ құбырының екінші жолы 27,5 миллиард текше метр, оның жұмысы 2012 жылы басталады деп жоспарланған.

Ресей премьері "Солтүстік ағыстың" бірінші жолы арқылы Еуропаға газ тасымалы бір айдың ішінде жүзеге асады деді. Ресей жылда газ қарызын өтей алмай қалатын Беларусь пен Украинаны айналып өтетін "Солтүстік ағыс" құбыр жолы Еуропаға газды тікелей жеткізуді қамтамасыз етеді деп жарнамалап келеді.

Осыған дейін Мәскеудің Киев немесе Минскімен газ дауынан кейін Еуропаға газ тасымалы тоқтап қалған болатын.
XS
SM
MD
LG