Accessibility links

ЕҚЫҰ өкілдері Жовтиспен кездесті


Қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис.

Қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдері өткен сенбі күні Өскемен қаласында еркін қоныстану колониясында сот жазасын өтеп жатқан қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтиспен кездескен. Бұл туралы осы ұйымның демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы баспасөз хабарламасын таратты.

Онда "Жовтистің көңіл-күйі жақсы, бірақ мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығару туралы өтінішінің қанағаттандырылмауы оның көңілін қалдырғаны" айтылған. Билік орындары "тәртіп ережелерін бұзғанын" сылтауратып осыған дейін Жовтистің берген екі өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

Қазақстанның адам құқығы жөніндегі бюросының бұрынғы жетекшісі Евгений Жовтис автокөлікпен кісі қағып кетіп өлтіріп алғаны үшін 2009 жылы сот үкімі бойынша төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айрылған.

ЕҚЫҰ мен халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Жовтистің ісі бойынша өткен сот барысында айыпкердің құқығы бұзылғанын атап көрсеткен еді.
XS
SM
MD
LG