Accessibility links

«Азат» партиясы орыс тілі туралы талапты талқыламағанын айтады


«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өткізген жиыннан көрініс. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өткізген жиыннан көрініс. Алматы, 30 қаңтар 2010 жыл.
Қазақстанның «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өткен айда жарияланған үндеудегі орыс тіліне қатысты талапты партияда талқыламағандарын мәлімдеді.

Партияның баспасөз қызметі сайтында жариялаған хабарламада «Азат» ЖСДП мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің ролін нығайтуға байланысты берік ұстанымда қалатыны, партия аталған үндеу-хаттың өзге ұлттардың тілін шектемейтін нұсқасын талқылап, оның мазмұнын тұтастай алғанда қолдағаны айтылған. Бірақ кейін жарияланған ұжымдық хаттағы Конституцияның 7-бабының 2-тармағын (орыс тілі ресми мәртебеге ие екендігі туралы) алып тастау туралы мәселе партияда талқыланбағандығын атап көрсеткен.

Биыл тамыздың 29-ы күні елдегі бірқатар қоғам және саясат қайраткерлері атынан Қазақстанның жоғары билік орындары мен халқына жарияланған үндеуде Қазақстан конституциясындағы орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей ресми мәртебе беретін бапты алып тастау туралы талап айтылған. Үндеуге қол қойғандар қатарында «Азат» ЖСДП теңтөрағалары Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбілев те көрсетілген еді.
XS
SM
MD
LG