Accessibility links

Украина газға байланысты Ресейді сотқа бермекші


Украина президенті Виктор Янукович

Украина президенті Виктор Янукович

Украина президенті Виктор Януковичтің мәлімдеуінше, Украина Ресейдің газ келісімін бұзғанын дәлелдеу үшін оны сотқа бермекші. Бүгін "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында Янукович "Ресейдің ұстанымын мүлдем қабылдауға келмейді" деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Киев халықаралық сотқа жолдайтын құжаттарын әзірлеп жатыр.

Украина "Газпром" компаниясынан импортталатын көгілдір отынның бағасын төмендету мақсатында бұрынғы үкіметтің Ресеймен жасаған келісімдерінің қайта қаралуын қалайды. Януковичтің айтуынша, Киев жылына 5-6 миллиард АҚШ долларын артық төлеп жатыр.

Януковичтің мәлімдеуінше, Украина мен Ресейдің газ мәселесіне қатысты қарым-қатынастары бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко қол қойған 2009 жылғы келісім-шартқа емес 2001 жылғы келісімге негізделуі тиіс.

Тимошенко Ресеймен арадағы газ келісімдеріне қатысты "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен сотқа тартылған.

Украина Ресей газы үшін Германиядан да көбірек төлеп жатыр дейді Янукович. Оның айтуынша, егер Киев алдағы он жылда осылайша артық ақша төлеуін жалғастыра берсе, 60 миллиард АҚШ долларын жоғалтады яғни жылдық бюджеттің 20 пайызынан айырылады.
XS
SM
MD
LG