Accessibility links

Дүниежүзілік банк басшысы: АҚШ-та рецессия болмайды


Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зеллик. Сингапур, 6 қыркүйек 2011 жыл.
Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зеллик. Сингапур, 6 қыркүйек 2011 жыл.
Дүниежүзілік банк президенті Роберт Зеллик АҚШ экономикасы баяу дамып, жұмыссыздық деңгейі өсуі мүмкін бірақ рецессия болмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Роберт Зеллик бүгін Сингапурға сапары барысында хабарлады.

Оның айтуынша, АҚШ-пен салыстырғанда Еуропаның экономикалық проблемалары әлдеқайда көбірек. Зеллик Еуропаның қарыз дағдарысы тұтынушылар мен инвесторлардың сенімін әлсіретуі мүмкін деп ескертті.

Оның айтуынша, евро валютасын пайдаланатын Еуропа елдері өзара қаржы интеграциясын күшейтуі керек.
XS
SM
MD
LG