Accessibility links

Ливия әскери көліктері Нигерге өтті


Бани-Валидке аттанған ливиялық көтерілісшілер. 5 қыркүйек 2011 жыл.
Бани-Валидке аттанған ливиялық көтерілісшілер. 5 қыркүйек 2011 жыл.
Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, биліктен құлатылған Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді қолдайтын күштердің ондаған әскери көлігі көршілес Нигер республикасына өткен. НАТО баспасөз хатшысы бұл хабарға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Нигерге өткен әскери көліктердің ішінде Каддафи отбасы мүшелерінің бар-жоқтығы белгісіз. Каддафидің баспасөз хатшысы Муса Ибрахим сириялық телеарнаға 69 жастағы Муаммар Каддафидің Ливияда екенін хабарлады.

"Полковник Муаммар Каддафидің денсаулығы мықты. Ол Ливияда ешкімнің қолы жетпейтін жерде отыр", - деді Муса Ибрахим.

Каддафиге қарсы күштер Каддафи жақтастарының бақылауындағы Бани-Валид қаласына қантөгіссіз кіру туралы жергілікті ақсақалдармен келіссөз жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG