Accessibility links

Түркия Израильмен сауда және әскери ынтымақтастығын доғарды


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Израильмен арадағы сауда және әскери байланыстарын тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы "Анатолия" ақпарат агенттігі хабарлады.

Өткен аптада Түркия Израиль елшісін елден қуды. Оның алдында БҰҰ өткен жылдың мамыр айында Газаға аттанған көмек көрсету флотилиясындағы рейдке қатысты өз баяндамасын жариялап, Израиль әлгі рейд барысында "шектен тыс күш қолданды" бірақ Газаға блокада жасалуы заңды деп мәлімдеді. Израиль жүргізген рейд барысында тоғыз түрік азаматы қаза болған еді. Израиль бұл оқиғаға байланысты кешірім сұраудан бас тартып отыр.

Түркия бұл істі халықаралық сотқа тапсыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ердоған Газа секторына баруға ниеттеніп отырғанын қайталап айтты.
XS
SM
MD
LG