Accessibility links

Испанның Са Побла қаласында пәренже киюге тыйым салынды


Пәренже киген әйел. (Көрнекі сурет)
Пәренже киген әйел. (Көрнекі сурет)
Испанияның Мальорка аралындағы Са Побла қаласында қыркүйектің 6-сынан бастап қоғамдық орындарға пәренже және адамның жүзін жасыратын өзге де нәрселерді киюге тыйым салынды. Тыйым салынғандардың арасында шаңғы тепкен кезде киетін бетперде де бар.

Қала мэрі Биэль Сэррдің айтуынша, қыркүйектің 5-і күні көпшілік дауыспен осындай шешім қабылданған. Мэр мұны "мәдени немесе діни кемсітушілік емес" деп сипаттап, бұл шешім қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету ниетімен қабылданғанын жеткізді.

Са Поблы қаласының тұрғындары арасында осы кезге дейін екі әйел ғана пәренже тағып келген екен. Бұған дейін бірнеше испан қаласында осындай тыйым енгізілген еді.
XS
SM
MD
LG