Accessibility links

Yahoo компаниясының басшысы қызметінен кетті


Әлемдегі ең ірі интернет-компаниялардың бірі – Yahoo компаниясының атқарушы директоры Кэрол Бартц қызметінен кетті. Бұл туралы компания директорлар кеңесінің бүгін таратқан мәлімдемесінде айтылған.

63 жастағы Бартцтың орнына атқарушы директор міндеті Yahoo компаниясының қаржы директоры Тимоти Морсқа жүктелген.

Кэрол Бартц Yahoo компаниясын 2009 жылдан басқарып келді. Соңғы кездері қор нарығында Yahoo компаниясы акцияларының құны арзандап кеткен еді.
XS
SM
MD
LG