Accessibility links

Иран түрмесінде 4 адам дарға асылды


Ирандағы түрме. Көрнекі сурет.
Ирандағы түрме. Көрнекі сурет.
Иранның оңтүстігіндегі Керман қаласындағы түрмеде төрт есірткі тасымалдаушы дарға асылды. Бұл туралы бүгін "Шарғ" газеті хабарлады.

"Франц-пресс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, сонымен Иранда осы жылы 184 рет өлім жазасы жүзеге асырылған. Өткен жылы Иран бұқаралық ақпарат құралдары елде 179 адам дарға асылды деп хабарлаған еді. Алайда адам құқықтарын қорғаушы топтардың айтуынша, Иранда бұдан да көбірек өлім жазасы жүзеге асқан болуы мүмкін.

Тегеран тәртіп пен заңды сақтау үшін өлім жазасының болуы маңызды дейді.
XS
SM
MD
LG