Accessibility links

Египетте Мүбәрәктің соты жалғасты


Зембілде жатқан бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк. Каир, 15 тамыз 2011 жыл.
Зембілде жатқан бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк. Каир, 15 тамыз 2011 жыл.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің соты жалғасып жатыр.

Бүгінгі сот отырысында Мүбәрәкті биліктен кетірген көтерілістегі наразылық танытушылардың өліміне байланысты жаңа куәгерлер сұрақтарға жауап береді. Ауырып жатқан Мүбәрәк медициналық орталықтан сотқа тікұшақпен жеткізілді. Сот залына ол зембілмен әкелінді.

Тамыздың 3-інде басталған сот жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Мүбәрәк өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG