Accessibility links

Пәкістанда екі жанкештілік шабуылдан 20-дан астам адам мерт болды


Куетта қаласындағы жанкештілік шабуыл болған жер. 7 қыркүйек 2011 жыл.

Куетта қаласындағы жанкештілік шабуыл болған жер. 7 қыркүйек 2011 жыл.

Бүгін Пәкістанның Куетта қаласында екі жанкешті жоғары лауазымды офицердің үйіне шабуылдап, 20-дан астам адамды өлтірді.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті пәкістандық «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды. Полицияның хабарлауынша, алғашқы жанкештілік жарылыс Шекаралық корпус қолбасшысы орынбасарының үйінің сыртында болған, екінші жанкешті үйдің ішінде өзін-өзі жарып жіберген.

Қос шабуылдан ондаған адам жарақат алды деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG