Accessibility links

Талдықорғанда газ жарылысынан екі адам қаза болды


Талдықорған қаласының белгісі. (Көрнекі сурет)

Талдықорған қаласының белгісі. (Көрнекі сурет)

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне сәрсенбі күні газ жарылып, салдарынан екі адам мерт болып, тағы екі адам жарақат алған. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала болжамдар бойынша, қаладағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде газ баллоны жарылып, өртке оранған.

Өртті сөндіру кезінде бір ер адам мен бір әйелдің жансыз денелері табылған. Күйік шалған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Өрт шыққан көпқабатты үйде тұратын 50 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
XS
SM
MD
LG