Accessibility links

Иран президенті Сириялық әріптесін оппозициямен диалогқа шақырды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Сириялық әріптесі Башар Асадты оппозициямен келіссөз өткізуге шақырды. Бұл туралы Ахмадинежад сәрсенбі күні Португалия телеарнасына сұқбатында мәлімдеді.

Сирияның маңызды одақтасы болып табылатын Иран осыған дейін Израиль мен АҚШ-ты Сирияда жаппай дүрбелең туғызып, дем беріп отыр деп айыптап келген еді.

Ал батыс мемлекеттері болса, Сирия оппозициясын басып-жаншуға Башар Асадқа қолдау мен көмек жасап отыр деп Иран билігін сынайды.

Сирияда президент Башар Асадқа наразы халық толқуы басылар емес. Билік оларға қарсы бұрынғысынша күш қолданып жатыр. Хомс қаласынан алынған ақпарат бойынша, өткен тәулікте қалада кемінде 20 адам өлтірілген.
XS
SM
MD
LG