Accessibility links

Мүбәракқа қарсы сотқа елдің әскери басшылары шақырылды


Египеттің жоғары әскери кеңесінің басшысы фельдмаршал Мухаммед Хуссейн Тантауи (сол жақта) АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтспен кездесіп тұр. Каир, 24 наурыз 2011 ж.

Египеттің жоғары әскери кеңесінің басшысы фельдмаршал Мухаммед Хуссейн Тантауи (сол жақта) АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтспен кездесіп тұр. Каир, 24 наурыз 2011 ж.

Египетте экс-президент Хосни Мүбәракқа қарсы сот төрағасы судья Ахмет Рефаат сот алдына куәгер ретінде қазіргі кезде елдегі билікті басқарып отырған әскери басшыларды шақырды.

Сотқа шақырылғандар арасында Египеттің жоғары әскери кеңесінің басшысы фельдмаршал Мухаммед Хуссейн Тантауи да бар. Ұлттық қауіпсіздік себептері бойынша, Тантауи соттың сауалдарына жабық есік жағдайында жауап береді.

Жыл басында Египетте бірнеше апталарға ұласқан халық наразылығы ақпан айында президент Хосни Мүбәракты қызметінен кетуге мәжбүр еткен соң елде билікті жоғары әскери кеңес уақытша атқарып отыр.

Тамыздың 3-і басталған сот процесінде 83 жастағы Хосни Мүбәрак пен бұрын жоғарғы лауазымды қызметте болған тағы бірнеше адамға "шеруге шыққан бейбіт азаматтарды жаппай өлтіру" және "коррупция" қылмыстары бойынша айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG