Accessibility links

НАТО Ауғанстанда Би-би-си журналисін өлтіргенін мойындады


Ауған журналисі Ахмед Омед Хпалуак.
Ауған журналисі Ахмед Омед Хпалуак.
Ауғанстандағы НАТО басшылығындағы халықаралық күштер биыл шілде айында НАТО сарбазы қателесіп Би-би-си тілшісін атып өлтіргенін мойындады.

Бейсенбі күні әскери басшылық таратқан мәлімдемеде, 25 жастағы Ахмед Омед Хпалуакты бүлікші деп ойлап қалған НАТО сарбазының «жағдайға байланысты әрекет жасағаны» айтылған.

Шілденің 28-і күні Тринкот қаласында бүлікшілер жергілікті әкімшілік ғимаратының жанында мина қойылған автокөлікті жарып жіберген соң
қауіпсіздік күштерімен атысқан еді. Соның салдарынан мерт болған жиырмадан астам адамның арасында журналист Ахмед Омед Хпалуак та бар.
XS
SM
MD
LG