Accessibility links

БҰҰ Иранды санкцияны бұзғаны үшін айыптады


Иранның «Раcсад-1» жасанды жер серігінің ғарышқа ұшқан сәті. 15 маусым 2011 ж.

Иранның «Раcсад-1» жасанды жер серігінің ғарышқа ұшқан сәті. 15 маусым 2011 ж.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Иранды қару-жараққа қатысты санкцияны бұзды деп айыптады. Санкцияға сәйкес, Иранға баллистикалық зымырандар ұшыруға және қару-жарақты экспортқа шығаруға тыйым салынған.

АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия Иранның баллистикалық зымырандар технологиясын пайдаланып сынақ жүргізуге салынған тыйымды бұзғанын дәлелдейтін дерек-айғақтарды БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне ұсынған.

Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Марк Лайалл Гранттың айтуынша, биылғы маусым айында Иранның «Раcсад-1» жасанды жер серігін ұшыруы әлгі тыйымды бұзу болып саналады.
XS
SM
MD
LG