Accessibility links

Молдова мен Приднестровье жетекшілері Германияда кездеседі


Молдова картасы.
Молдова картасы.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының арағайындығымен бүгін Бад Райхенхаль қаласында Молдова премьер-министрі Влад Филат пен өзін өзі жариялаған Приднестровье республикасының басшысы Игорь Смирнов келіссөздер өткізеді.

Осының қарсаңында Влад Филат бұл жолғы кездесудің мақсаты – «өзара сенімді нығайту» деп мәлімдеген еді. Онда нақты мәселелер, мысалы, екі жақтың телефон байланысын қалпына келтіру жайы талқыланады.

1992 жылы болған қарулы қақтығыс салдарынан Днестр өзенінің шығысындағы аймақ өзін Молдовадан тәуелсіз республика деп жариялаған. Содан бері екі жақты қатынастарды реттеу мақсатында өткізілген келіссөздер нәтижесіз болып келді.
XS
SM
MD
LG