Accessibility links

АҚШ пен Мексикада бір миллионнан астам адам жарықсыз қалды


АҚШ-тағы жоғары кернеулі электр желісі. Палм-Спрингс, Калифорния штаты.
АҚШ-тағы жоғары кернеулі электр желісі. Палм-Спрингс, Калифорния штаты.
АҚШ-тың оңтүстік-батыс аймағындағы электр желісіндегі ақаудан оған қосылған Мексиканың солтүстігіндегі аудандар да зардап шекті. Бейсенбінің кешінен АҚШ-тың оңтүстігі мен Мексиканың солтүстігіндегі бірқатар штаттарда миллионнан аса адам электр жарығынсыз отыр.

Сан-Диего қаласында әуе қатынасы уақытша тоқтады, аурухана мен полиция мекемелері сияқты маңызды нысандарға жарық қосалқы генератор арқылы беріліп жатыр.

АҚШ билік орындары жағдайды жұма күні қалыпқа келтіруге уәде етті. Электр желісіндегі апатқа Аризона штатындағы қуат тарататын мекемедегі техникалық қызметкерлердің қателігі себеп болған деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG