Accessibility links

Ресейде ұшақ апатында қаза болған 43 адамның денесі табылды


Құтқарушылар Як-42 ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жатыр. Ярославль аймағы, Ресей, 7 қыркүйек 2011 ж.

Құтқарушылар Як-42 ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жатыр. Ярославль аймағы, Ресей, 7 қыркүйек 2011 ж.

Ресейдің Ярославль қаласының маңында ұшақ апатынан қаза болған 43 адамның бәрінің денесі табылғаны туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Сәрсенбі күні Ярославль қаласы түбіндегі "Туношна" әуежайынан бір шақырымдай жерде, әуеге көтеріле бергенде жерге құлап түскен Як-42 ұшағында, алдын ала деректер бойынша, барлығы 45 адам болған. Осы ұшақпен Ярославльдің "Локомотив" хоккей командасының 37 мүшесі Беларусь еліне ойынға кетіп бара жатқан. Олардың арасында Ресей, Беларусь, Чехия, Словакия, Швеция, Латвия және Канада азаматтары болған.

Ұшақ апатынан екі кісі - хоккей клубының мүшесі Александр Галимов пен ұшақ экипажындағы сегіз адамның бірі бортинженер Александр Сизов тірі қалған. Олар қазір ауруханада ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Як-42 ұшағы құлаған жерге бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев келмекші. Ярославль аймағында жұртшылық сәрсенбіде ұшақ апатында қаза тапқандарды қыркүйектің 9-ынан бастап үш күн бойы аза тұтады.
XS
SM
MD
LG