Accessibility links

Делидегі жарылысқа қатысты үш адам ұсталған


Полиция қызметкері мен медбике Жоғарғы сот ғимараты алдындағы жарылыстан зардап шеккен әйелді көтеріп келеді. Дели, Үндістан, 7 қыркүйек 2011 ж.

Полиция қызметкері мен медбике Жоғарғы сот ғимараты алдындағы жарылыстан зардап шеккен әйелді көтеріп келеді. Дели, Үндістан, 7 қыркүйек 2011 ж.

Үндістан астанасындағы Жоғарғы сот ғимараты алдында болған жарылысқа қатысы бар деген сезікпен ұсталған үш адамнан тергеушілер жауап алып жатыр.

Кеше болған жарылысты өз мойнына алған «Харкат-үл-Джихад» тобының мүшелері ол туралы мәлімдемелерін ұсталған үшеудің бірінің меншігіндегі интернет-кафеден электронды хатпен жіберген деген күдік бар.

Делиде қыркүйектің 7-і болған жарылыс салдарынан кемінде 11 адам мерт болды. Тергеушілердің болжамы бойынша, қаскүнемдер портфельге салып, ғимаратқа кіретін жерге қалдырып кеткен жарлығыш зат іске қосылғанда ол жерде көп адам болған.

Әдетте сәрсенбі Делидегі Жоғарғы сотта азаматтарды қабылдау күні болып белгіленген.
XS
SM
MD
LG