Accessibility links

Ливияның уақытша билігі Бани-Валидке көбірек әскер жіберді


Ливия күштері Бани-Валид қаласына жақын маңда бекінген.
Ливия күштері Бани-Валид қаласына жақын маңда бекінген.
Ливияның уақытша жетекшілігі Муаммар Каддафидің бақылауында отырған аймаққа қарай көбірек жасақтар жолдады.

Ливияның ұлттық өтпелі кеңесінің өкілдері айтқандай, Каддафи қала үшін күресуге шақырды деген хабардан кейін Бани-Валидке көп әскер жіберілді.

Бұл тұста уақытша үкімет көрші Нигер республикасына өкілін жолдап, Каддафи мен оның жақтастарының әділеттіктен жалтарып кетпеуіне жол бермеуге шақырды.

Осы аптада Нигер еліне Каддафидің 200-ден аса көлігі өтті деп хабарланған. Бірақ Нигер билігі оның ішінде Каддафидің өзі болған жоқ деді.
XS
SM
MD
LG