Accessibility links

Ресей хоккей құрамасының апатына қатысты аза тұтады


Ресей президенті Дмитрий Медведев ұшақ апатынан қаза тапқан хоккейшілер үшін гүл шоқтарын қойды. Ярославль қаласы маңындағы апат орны. 8 қыркүйек, 2011

Ресей президенті Дмитрий Медведев ұшақ апатынан қаза тапқан хоккейшілер үшін гүл шоқтарын қойды. Ярославль қаласы маңындағы апат орны. 8 қыркүйек, 2011

Ресей президенті Дмитрий Медведев 43 адамның өмірін қиған сәрсенбі күні Ярославль қаласы маңындағы Як-42 ұшақ апаты болған жерге барды. Ол елдің авиация қауіпсіздігін сынап, апатқа не себеп болғанын тезірек анықтауды тапсырды.

Ресей мен халықаралық хоккей ойыншылары мінген ұшақ апатынан кейін Ярославль билігі жұма күннен бастап үш күнді қаралы күндер деп жариялады. Дәрігерлер апаттан аман қалған 2 адамның жағдайы ауыр екенін айтты. Ұшақтың соңғы мәліметтерді сақтайтын қара жәшігі әлі табылған жоқ.

Осы ұшақпен Ярославльдің "Локомотив" хоккей командасының 37 мүшесі Беларусь еліне ойынға кетіп бара жатқан. Олардың арасында Ресей, Беларусь, Чехия, Словакия, Швеция, Латвия және Канада азаматтары болған.
XS
SM
MD
LG