Accessibility links

Каддафи өзінің Нигер еліне кетпегенін айтты


Муаммар Каддафидің бұл суретін сириялық телеарна көрсетіп, хабар таратты. 8 қыркүйек. 2011

Муаммар Каддафидің бұл суретін сириялық телеарна көрсетіп, хабар таратты. 8 қыркүйек. 2011

Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи өзін көрші Нигер республикасына қашып кетті деген ақпараттарды жоққа шығарды.

Сирияда орналасқан телеарнаға берген сұқбатында ол, өзіне қатысты айтылып жатқан "Каддафи Ливияны тастап Нигерияға кетті" деген хабарлар "өтірік және психологиялық соғыстың түрі" деп айтты.

Және Каддафи НАТО мен өз елінде төңкеріс жасаған күштерге қарсы соғысатынын айтты. Бұл арада Нигер республикасы егер Каддафи елге келіп, баспана сұраса қайтеміз деген мәселені қарастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG