Accessibility links

Қазақстан: күдікті террористердің Ауғанстан, Пәкістанмен қатысы болған


Атырауда террорист деген күдікпен өлтірілген Сергей Лидің әйелі Айсұлу оқиға орнына келіп тұр. 31 тамыз. 2011

Атырауда террорист деген күдікпен өлтірілген Сергей Лидің әйелі Айсұлу оқиға орнына келіп тұр. 31 тамыз. 2011

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев елде терроризм айыбы бойынша қамалғандарды тергеу кезінде олардың Ауғанстан және Пәкістаннан ақша алып тұрғаны мәлім болды деді.

Ғалиевтің сөзіне қарағанда, бұл топтың ақшасы елдегі банкте сақталған. Оның айтуынша, күдіктілердің бірі интернет арқылы Пәкістан және Ауғанстанмен үнемі байланыста отырған.

Батыс Қазақстан облысында мамыр айынан алғашқы жанкештілік шабуыл болғаннан бері қауіпсіздік операциялары жүргізіліп келеді.
XS
SM
MD
LG