Accessibility links

АҚШ сириялық құқық қорғаушының өлімі үшін Дамаскіні айыптады


Дамаскідегі орталық түрменің сыртқы көрінісі. Сирия, 28 мамыр 2010 ж.

Дамаскідегі орталық түрменің сыртқы көрінісі. Сирия, 28 мамыр 2010 ж.

АҚШ мемлекеттік департаменті Сирия түрмесінде қаза болған адам құқығын қорғаушы Гият Матардың өліміне байланысты Сирия билігін айыптап мәлімдеме таратты.

Онда Америка Құрама Штаттары Сирия президенті Башар әл-Асадты биліктен кетіп, қантөгісті тоқтатуға шақырған.

Адам құқығын қорғайтын «Хьюман Райтс Уотч» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, Сирияда президент Башар әл-Асадтың режиміне қарсы наразылық ұйымдастырушылардың бірі Гият Матар қыркүйектің 6-сы ұсталып түрмеге қамалған. Өткен сенбі күні оның мәйітін алған туыстары марқұмның денесінің сау-тамтығы қалмағанын айтқан.

БҰҰ мәліметінше, Сирияда осыдан бес ай бұрын президент Башар әл-Асадқа қарсы шерулер басталғалы бері 2200-ден астам адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG