Accessibility links

Иракта билікті сынап жүрген журналисті өлтіріп кетті


Радио микрофоны. (Көрнекі сурет)

Радио микрофоны. (Көрнекі сурет)

Ирак астанасы Бағдат қаласындағы радиоарнада апталық бағдарлама жүргізетін 30 жастағы Хади әл-Мехдиді белгісіз біреулер атып өлтіріп кеткен.

Журналист өз хабарларында қаланы сумен, электр қуатымен қамтамасыз етуді және өзге де коммуналдық қызмет көрсетуді жақсарту қажеттігін айтып, билік орындарын сынаған еді. Сонымен бірге ол "Фэйсбук" әлеуметтік желісі арқылы әр жұма сайын Бағдатта шеру ұйымдастыратын.

Өз аты-жөндерін атағысы келмеген полиция мен медициналық қызметкерлердің хабарлауынша, ақпан айында үкіметке қарсы өткен шеруден соң өздерін ирак армиясының сарбаздары ұрлап әкетіп, көздерін байлап, үстіне су құйып, электр тогымен азаптағаны туралы айтқан төрт журналистің бірі осы Хади әл-Мехди болған.
XS
SM
MD
LG