Accessibility links

Нью-Йоркте қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Нью-Йорк қаласының мэрі Майкл Блумберг.

Нью-Йорк қаласының мэрі Майкл Блумберг.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында террорлық шабуылдар болуы ықтимал деген сезікпен сақтық шаралары күшейтіліп, кейбір аудандарға қосымша полиция күштері бөлінген.

Бұл туралы мәлімдеген қала мэрі Майкл Блумберг қандай қауіп төніп тұрғанын тарқатып айтпады.

Бейсенбі күні АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті ел аумағында террорлық іс-әрекеттер болуы «ықтимал екендігі туралы, бірақ әлі расталмаған» қауіп барын хабарлаған.

Бірқатар ақпарат агенттіктері АҚШ арнайы ызметіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап, бұл қауіп 2001 жылғы қыркүйектің 11-і болған террорлық шабуылға он жыл толған күні Нью-Йорк пен Вашингтонда террорлық әрекеттер жасау жоспарына қатысты болуы мүмкін деген жорамал жасаған.
XS
SM
MD
LG