Accessibility links

Ресейде әскердегі жағдайды сынаған майор 4 жылға сотталды


Ресейлік майор Игорь Матвеев.

Ресейлік майор Игорь Матвеев.

Бүгін Ресейдің Владивосток қаласында әскери сот ішкі істер әскерінің майоры Игорь Матвеевті төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сот оны қызметтестерін ұрып-соққаны үшін айыпты деп тапты.

Әскери шенінен де айрылған Игорь Матвеев сот залында тұтқынға алынды. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Майор Игорь Матвеев биыл маусым айында интернет арқылы Ресей басшылығына виедо үндеу жолдап, өзі қызмет атқаратын әскери бөлімдегі көптеген келеңсіздіктерді жайып салған еді. Мәселен, ол әскери бөлімде сарбаздарды итке беретін азықпен тамақтандырады деп мәлімдеген.

Матвеевтің сол үндеуінен соң әскери бөлімде тексеру басталды, алайда көп ұзамай майордың өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалған еді.
XS
SM
MD
LG