Accessibility links

Қырғызстанда президенттіктен үміткерлердің саны күрт азайды


Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы. 6 қыркүйек 2011 жыл.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы. 6 қыркүйек 2011 жыл.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қазан айындағы президент сайлауына үміткер ретінде түсуге құқығы бар адамдардың саны күрт азайған.

Сайлауға түсуге ниет білдірген 65 адамның тек 22-сі ғана тіркелу үшін қажет 100 мың сом ақшаны төлей алған, сонымен қатар сегіз кандидат қана талап етілетін 30 мың адамның қолын жинаған.

Қырғызстанда президент сайлауы қазанның 30-ына белгіленген. Бұл - былтыр сәуір айында бұрынғы президент Құрманбек Бакиев биліктен құлатылғалы бері елде өтетін алғашқы президент сайлауы.
XS
SM
MD
LG