Accessibility links

Сирия оппозициясы Ресейге барды


Ресейдің Африкадағы арнайы өкілі Михаил Маргелов пен сириялық адам құқықтарын қорғаушы белсенділер журналистердің алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 9 қыркүйек 2011 жыл.

Ресейдің Африкадағы арнайы өкілі Михаил Маргелов пен сириялық адам құқықтарын қорғаушы белсенділер журналистердің алдында сөйлеп тұр. Мәскеу, 9 қыркүйек 2011 жыл.

Сирия оппозициясы жетекшілері елдегі дағдарысты шешуде Ресейдің "белсенділік танытып, оң роль ойнауын" қалайды. Бұл туралы сириялық оппозицияның жетекшілері Ресейдің жоғары лауазымды ресми өкіліне айтты. Сирия делегациясы бүгін Мәскеуде президент Дмитрий Медведевтің аймақтағы өкілі Михаил Маргеловпен кездескен болатын.

БҰҰ мәліметінше, Сирияда осыдан бес ай бұрын президент Башар әл-Асадқа қарсы шерулер басталғалы бері 2200-ден астам адам қаза болған.

Сирияға санкция енгізу жөніндегі БҰҰ қарар жобасына Ресей қарсылық танытып отыр. Еуропа елдері мен АҚШ қолдаған қарар жобасында қару-жарақ эмбаргосы да қарастырылған.

Ресми Мәскеу Асад режимі мен оппозицияны диалогқа шақырды. Дүйсенбі күні Маргелов Сирия президентінің кеңесшісімен кездеспекші.
XS
SM
MD
LG