Accessibility links

Нью-Йоркте Каримованың шоуы көрсетілмейтін болды


Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова Франциядағы Канн кинофестивалі барысында. 22 мамыр 2010 жыл.

Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримова Франциядағы Канн кинофестивалі барысында. 22 мамыр 2010 жыл.

Нью-Йорктегі беделді мода аптасын ұйымдастырушылар Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызының дизайнерлік киімдерінің көрсетілуін тоқтатты.

New York Fashion аптасын ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде "бірқатар алаңдаушылықтар айтылғандықтан Гүлнара Каримованың шоуы тоқтатылды" делінген.

Каримова қыркүйектің 15-інде Нью-Йорктегі сән көрсету аптасында өзінің 2012 жылғы көктем мен күзге арналған "Гули" атты коллекциясымен таныстырмақшы болған еді.

Адам құқықтарын қорғайтын Human Rights Watch ұйымы "репрессивтік үкіметтің өкілі болатын дизайнердің шоуының тоқтатылуына" өзінің қуанып отырғанын хабарлады. Гүлнара Каримованың өзі бұл хабарға байланысты әлі пікір білдірмеді.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар президент Ислам Каримовты елдегі нашар адам құқықтары жағдайына байланысты жиі сынайды. Олардың айтуынша, Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Каримов елде демократияның дамуына кедергі жасайды.
XS
SM
MD
LG