Accessibility links

Египет полициясы әскери дайындық жағдайына келтірілді


Каирдегі Израиль елшілігіне жасалған шабуылдан кейін Израиль дипломаты эвакуацияланды. 9 қыркүйек 2011 жыл.
Каирдегі Израиль елшілігіне жасалған шабуылдан кейін Израиль дипломаты эвакуацияланды. 9 қыркүйек 2011 жыл.
Түндегі зорлық-зомбылық әрекеттерінен кейін Египет полициясы әскери дайындық жағдайына келтірілді.

Каирдегі толқулар барысында наразылық танытушылар Израиль елшілігіне шабуылдады. Мемлекеттік MENA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мыңдаған наразылық танытушылар мен полиция арасындағы қақтығыстарда 448 адам жараланған.

Зорлық зомбылық әрекеттеріне байланысты Египеттегі Израиль елшісі отбасы мүшелерімен бірге және елшіліктің басқа да қызметкерлері бүгін таңертең Израиль ұшағымен Каирден шығып кетті.

Израиль елшісінің орынбасары Египет үкіметімен байланыста болу үшін Каирде қалды.

Өткен айда Египет қауіпсіздік қызметінің бес мүшесі Израиль әскерилерінің операциясы барысында қаза болған соң екі ел арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG