Accessibility links

"Үлкен сегіздік" Араб әлеміндегі реформаларды талқылайды


"Үлкен сегіздік" логосы

"Үлкен сегіздік" логосы

"Үлкен сегіздік" тобына мүше елдердің сыртқы істер министрлері мен жоғары лауазымды ресми өкілдері "Араб көктемі" көтерілістерінен кейінгі Араб әлеміндегі реформаларға қолдау білдіру жолдарын талқылау үшін бүгін Францияның оңтүстігінде кездесіп жатыр.

Олар Тунис, Египет, Морокко және Иордания елдеріне қазірден бастап 2013 жылға дейін миллиардтаған доллар көлемінде қаржылай көмектесу мәселесін қарастырады. Егер қаржыландыру мақұлданса, ол негізінен несие түрінде болмақ.

Марсель қаласындағы "Үлкен сегіздік" жиынына Ливияның уақытша билігі, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Кувейт, Қатар және Түркия делегациялары қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG