Accessibility links

АҚШ 11 қыркүйек шабуылдарын еске алып жатыр


АҚШ Өрт сөндірушілер батальонының қолбасшысы Том Курао 11 қыркүйек шабуылдарын еске алу шарасында Дүниежүзілік сауда орталығының қираған ғимараты орнында АҚШ туын көтеріп жатыр. 9 қыркүйек. 2011

АҚШ Өрт сөндірушілер батальонының қолбасшысы Том Курао 11 қыркүйек шабуылдарын еске алу шарасында Дүниежүзілік сауда орталығының қираған ғимараты орнында АҚШ туын көтеріп жатыр. 9 қыркүйек. 2011

АҚШ-та қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, халық осыдан 10 жыл бұрын 3 мыңдай адамның өмірін қиған 11 қыркүйек күнгі теракт құрбандарын еске алып жатыр.

Президент Барак Обама 2001 жылдың 11 қыркүйегінде ұшақты басып алушылар шабуыл жасаған Вашингтон, Нью-Йорк қалалары мен Пенсильвания штатына барады.

Бір күнде АҚШ-тың үш бірдей аймағында болған шабуылдардан құрбан болғандарды еске алу шаралары тұсында қауіпсіздік шаралары да күшейтілді.

АҚШ президенті Барак Обама бұл оқиғаларға қатысты таратқан мәлімдемесінде ол шабуылдардан кейінгі АҚШ қазір күшейгенін, "шабуылдарға жауапты "әл-Қаида" террорлық ұйымы жеңілуге жақын қалғанын" айтты.
XS
SM
MD
LG