Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО базасына талибан шабуылы болды


Вардак провинциясындағы АҚШ әскері күзетте жүр.

Вардак провинциясындағы АҚШ әскері күзетте жүр.

Ауғанстан орталығындағы НАТО базасына қарсы талибан шабуылынан екі адам қаза тауып, 89 адам жараланды. АҚШ әскерилері бұл көлік жарылысынан жарақат алғандардың 50 шақтысы америкалық сарбаздар екенін айтты.

Вардак провинциясындағы әскери бекетке қарсы жанкештінің жарылысы АҚШ 11-ші қыркүйек террорлық шабуылдарының 10 жылдығын атап өтіп жатқан тұста болып отыр. Ауғанстандағы бұл жарылысқа жауапкершілікті талибандар алды.

АҚШ Армиясының өкілі, майор Дэвид Истборн 50 әскердің жараланғанын растап, әзірге қаза тапқандар жоқ деді. Оның айтуынша, шабуылдаушы бекеттен 20 метрде жерде жарылыс жасаған.
XS
SM
MD
LG