Accessibility links

Медведев қауіпсіздігі қамтылмаған әуежолдарын жабуды бұйырды


Ресейде апатқа ұшыраған "Локомотив" хоккей құрамасының мүшелерін еске алу шарасы өтті.

Ресейде апатқа ұшыраған "Локомотив" хоккей құрамасының мүшелерін еске алу шарасы өтті.

Ресей президенті Дмитрий Медведев 43 адамның өмірін әкеткен ұшақ апатынан кейін, өз үкіметіне сенімсіз әуежолдары компаниясын жауып тастауды тапсырды. Бұл ұшақта елдің хоккей құрамасының 36 мүшесі болған еді.

Кремльдің өкілі мәлімдегендей, президент үкіметке қарашаның 15-не дейін қауіпсіздік жағдайы толық қамтылмаған әуекомпаниялардың операцияларын тоқтатуды бұйырған.

Осыған дейін Медведев Совет кезінен келе жатқан ұшақтарды пайдаланбауға шақырған.

Як-42 ұшағы сәрсенбі күні Ресейдің Ярославль қаласынан көтерілгенде апатқа ұшыраған. Сенбі күні жүздеген адам апат болған жерде еске алу шараларын өткізді.
XS
SM
MD
LG