Accessibility links

Муктада әс-Садр АҚШ әскеріне Ирактан шыққанша шабуылдамауға шақырды


Ирактың радикалды шийттер жетекшісі Моқтада әл-Садрдың жақтастары АҚШ-қа қарсы акция өткізді.4 наурыз, 2011

Ирактың радикалды шийттер жетекшісі Моқтада әл-Садрдың жақтастары АҚШ-қа қарсы акция өткізді.4 наурыз, 2011

Ирактың радикалды шийт жетекшісі Муктада әс-Садр өз жақтастарын АҚШ күштеріне шабуылдамай, осы жылдың соңына дейін олардың жоспарланған мерзімінде елден шығуына мұрсат беруге үндеді.

AFP ақпарат агенттігіне берген сұқбатында әс-Садр "Ирак үшін тәуелсіздігін қайтарып алу маңызды, сондықтан АҚШ әскері елден толық шыққанша, барлық қарулы әрекеттерді тоқтата тұру қажет" деген.

Оның мәлімдемесінде "әс-Садр жасақтарының әскери операциялары бірде-бір АҚШ сарбазы қалмаған кезде ғана тоқтайды" делінген. "Егер олай болмаса, Ирак тәуелді болып қала береді" дейді мәлімдеме иелері.
XS
SM
MD
LG