Accessibility links

Түркия премьері Каирде келіссөздер өткізеді


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 1 тамыз 2011 жыл.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 1 тамыз 2011 жыл.
Бүгін Каирде Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Египетті уақытша басқарып отырған жоғары әскери кеңесінің басшылығымен кездеседі.

Ердоғанның сапары Египетте қауіпсіздік шараларының күшейтілуімен дөп келді. Өткен сенбі күні мыңдаған адам Каирдегі Израиль елшілігіне баса-көктеп кіруге әрекет жасаған еді. Қазіргі кезде түрік-израиль қатынасы да шиеленісіп тұр. Газа секторына гуманитарлық жүк апара жатқан кемеге израиль әскерилерінің шабуылы салдарынан мерт болған 9 түрік азаматының қазасы үшін Израиль басшылығының кешірім сұраудан бас тартқанына наразылық ретінде ресми Анкара жақында Израиль елшісін кері қайтарған.

Египеттен соң Түркия премьер-министрі Тунис және Ливия елдеріне де барғалы отыр. Бұл үш мемлекетте жаппай халық наразылығы елді отыз-қырық жыл басқарған адамдарды биліктен тайдырғаны белгілі.
XS
SM
MD
LG