Accessibility links

Ресейде ұшақ апатынан тірі қалған екі адамның бірі ауруханада көз жұмды


Ярославльдің "Локомотив" хоккей командасының мүшесі Александр Галимов.

Ярославльдің "Локомотив" хоккей командасының мүшесі Александр Галимов.

Ресейде Ярославль қаласының түбінде болған ұшақ апатынан тірі қалған Александр Галимов бүгін таңертең ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты ол жатқан Вишневский атындағы хирургия институтынан хабарлады.

Александр Галимов қыркүйектің 7-сі Ярославль маңында құлаған Як-42 ұшағында болған 45 адамнан тірі қалған екі кісінің бірі болатын. Денесі қатты күйіп қалған Галимовтан өзге ұшақ экипажының мүшесі борт инженері Александр Сизов тірі қалған. Қазір Склифосовский атындағы институтта емделіп жатқан Сизовтың өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер.

Ал апат кезінде қаза болған 43 адамның 37-сі - Ярославльдің "Локомотив" хоккей командасының мүшелері. Беларусь еліне ойынға кетіп бара жатқан команда арасында Ресей, Беларусь, Чехия, Словакия, Швеция, Латвия және Канада азаматтары болған.

Александр Галимов та осы хоккей клубының мүшесі еді.
XS
SM
MD
LG