Accessibility links

Келімбетов: Қазақстанның ЖІӨ 2012 жылы 28,9 триллион теңгені құрайды


Қазақстанның Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2012 жылы 28,9 триллион теңге, 2017 жылы 44,7 триллион теңгені құрайтын болады.

Мұндай көрсеткіштерді бүгін парламентте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам жасаған Қазақстанның сауда және экономикалық даму министрі Қайрат Келімбетов келтірді.

Оның айтуынша, мұндай болжамдар 2012 жылы бір баррель мұнай бағасы 80 доллар болады деген негізде жасалған. Министр сондай-ақ, келесі жылы экспорт көлемі 75,7 миллиард долларға өсіп, 2016 жылы 105,8 миллиард долларды құрайды деген болжам айтты.

Келімбетов алдағы үш жылда Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру мен көмек көлемі 12,5 процентке ұлғаятынын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG