Accessibility links

HRW: Ауғандық полиция адам құқықтарын бұзып келеді


АҚШ-та орналасқан Human Rights Watch адам құқын қорғаушы ұйым өзінің бүгін жарияланған есебінде, ауғандық полиция күштерінің бірқатар кісі өлімі мен зорлық-зомбылық әрекеттері жауапсыз қалып келеді деді.

Ұйымның дерегіне қарағанда, сауалнамаға ілінген жеті провинцияның үшеуі -Бағлан, Херат және Урузган провинциясыларындағы полиция қызметкерлерін кездейсоқ қамаулар жасап, адам өлтіру және кісі зорлау сияқты заңсыздықтарды жасады деп айыптады.

Ауғанстандағы НАТО өкілі бұл есепті ауған үкіметімен бірге тексеретінін айтты.

Мамыр айында Ауғанстан полициясы мен жасақтарының адам құқықтарын бұзып жатқаны жайлы Oxfam ұйымы да жазған болатын.
XS
SM
MD
LG