Accessibility links

Франция оңтүстігіндегі ядролық зауытта жарылыс болды


Францияның ядролық қауіпсіздік агенттігі хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі ядролық зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы үш кісі жарақат алған.

Бұл агенттіктің хабарына қарағанда, жарылыс болған жерде радиация қаупі жоқ. Марсель ядролық зауыты радиоактивті қалдықтарды жоюмен айналысады. Ол жерде ешқандай реактор жоқ деп хабарланды.

Жарылыс пешке жақын маңда болған.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG