Accessibility links

Астанада Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған жиын басталды


Әлихан Бөкейхан.

Әлихан Бөкейхан.

Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция ашылды.

Конференцияға «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбын зерттеп жүрген қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылған. Олардың арасында Азаттық радиосының қызметкері Сұлтанхан Аққұлы, алаштанушы ғалымдар Мәмбет Қойгелдиев, Дина Аманжолова, жапон зерттеушісі Томихико Уяма, америкалық Марта Олкотт бар. Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары да құрметті қонақ ретінде конференцияға келді.

Жиын барысында Азаттық радиосының қызметкері Сұлтанхан Аққұлының құрастыруымен жарық көрген Әлихан Бөкейхан шығармаларының жинағы таныстырылады.

«Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» тақырыбымен өтіп жатқан жиынды Азаттық радиосы, «Нұр Отан» саяси партиясы және Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG