Accessibility links

Бішкек әкімі: 2010 жылғы сәуір оқиғасы кезінде билік қаруды әдейі таратты


Бішкек қаласының әкімі Иса Өмірқұлов Азаттық радиосының Бішкектегі бюросында. 28 шілде 2011 жыл.
Бішкек қаласының әкімі Иса Өмірқұлов Азаттық радиосының Бішкектегі бюросында. 28 шілде 2011 жыл.
«Қырғызстанның бұрынғы билігі 2010 жылы сәуірдің 7-сі күні Бішкектегі «Форум» корпорациясының ғимаратына әдейі қару-жарақ әкеп, оны бейбіт адамдарға таратып арандатуды көздеді» деп мәлімдеді былтырғы сәуір оқиғалары бойынша дүйсенбі күні өткен сот отырысында Бішкек қаласының әкімі Иса Өмірқұлов.

Ол қазіргі қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаев басқарған «Форум» корпорациясының ғимараты жанына жиналған шерушілерге қару-жарақ таратып жатқан адамдарды өз көзімен көргенін айтты.

Былтыр сәуірде бейбіт шерушілерге қарсы оқ атуға бұйрық берген немесе өздері тікелей оқ атқан деген айыптар Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оны қолдайтын 27 адамға тағылып отыр, олардың көпшілігі Бәкиевтің жақын туыстары.

Былтыр көктемде Бішкекте және елдің өзге аймағында шерулер ұйымдастыруы мүмкін деген қауіппен билік орындары Алмазбек Атамбаев, Иса Өмірқұлов және оппозицияның тағы бірнеше жетекшісін сәуірдің 6-сы күні қамауға алған еді.

2010 жылы 6-8 сәуір аралығында болған оқиғалар барысында 90-дай адам қаза тауып, 400-ге тарта кісі жараланды. Тағы 12 адам алған жарақат салдарынан, кейін бірнеше айдың ішінде көз жұмды. Құрманбек Бакиев биліктен тайдырылып, шетелге қашты.
XS
SM
MD
LG