Accessibility links

Ирактың батысында 22 адамды өлтіріп кетті


Аударылып жатқан автобус. Анбар провинциясы, Ирак, сәуір, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Аударылып жатқан автобус. Анбар провинциясы, Ирак, сәуір, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ирактың батысындағы аудандардың бірінде иен далада 22 адамның жансыз денесі табылғаны туралы дүйсенбі күні кешке Анбар провинциясының билік орындары хабарлады.

Олардың дерегі бойынша, көрші Сирияға қасиетті жерлерге мінәжат етуге кетіп бара жатқан шийт мұсылмандары мінген автобусты әлдекімдер тоқтатып, әйелдерді түсіріп, ер адамдарды басқа жерге алып кеткен. Кейінірек оларды өлтіріп тастағаны мәлім болған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, қаза болғандардың барлығы - Ирактың Кербела қаласынан. Ал жол жиегінде жылап отырған әйелдерді ирак әскерилері кезіктірген.

Негізінен сүнниттер тұратын Анбар провинциясында бірнеше бүлікшілер тобы әрекет етеді.
XS
SM
MD
LG